Түркістан облысы Сайрам ауданында өндіріс орны жұмысын карантиндік режимде жалғастыруда, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Ұн, тәтті нан өнімдерінің өндірісінде бұған дейін 24 адам жұмыс істесе, қазір төтенше жағдайға байланысты олардың саны үш есеге дейін қысқарды.
Қазіргі таңда «НИК» жеке кәсіпкерлігі өнімдерін аудан көлемінде ғана емес, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларынан да тапсырыс қабылдаған. Бүгінде өңірлерге тасымалдау қызметі уақытша тоқтатылып, тапсырыс тек аудан көлемінде қабылдауда.
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков кондитерлік ұжымның карантиндегі жағдайын көру үшін аталған ұжымға арнайы ат басын бұрды. Мұнда кондитерлік өнімнің жеті түрі шығады. Соның бір ғана түрі торт болса, оның өзінің тапсырысқа қарай түрленетіні тағы бар.
Еске сала кетейік, Сайрам Ауданы Қарабұлақ ауылдық округіндегі Замира Нышанкулованың ұннан дайындалатын кондитерлік тәттілерді кәсіпке айналдырғанына бес жылға таяған.
© DIDARBEK.kz