Сайрам ауданы, Манкент ауылының орталық көшесінде жеңіл автокөліктің жүруіне шектеу қойылады.
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков төтенше жағдайға байланысты шектеулердің орындалуын бақылау барысындағы рейдтік іс-шарасын Манкент ауыл округінде жалғастырды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сапар барысында ондағы жағдай тұрақтылығына көз жеткізіп, ауыл округінің әкімі Ш.Убайдуллаевқа орталық көшені жабуға тапсырма берді.
Қазіргі таңда бұл аумақта әлемді дүрліктірген індеттен халық денсаулығына төнетін қауіпті болдырмау мақсатында сырттан кіретін жолдың барлығына блок -бекеттер қойылған.
Кәсіп иелерінің айтуынша, ірі сауда орындарына тауар мен өнімнің 80%-ын арнайы келісімшарт негізінде фирмалар жеткізіп береді. Қалған 20% тауарды ғана өздері тасымалдап алып келген. «Баға қымбаттауына алаңдайтын негіз жоқ» деді ауыл округ әкімі Ш.Убайдуллаев.
Айта кетейік, Манкент ауыл окугіне қарасты 2 елдімекенде халық саны 32 мыңнан асады.
© DIDARBEK.kz