Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТҮСКЕН ҰРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТҮСКЕН ҰРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен ұрыны құрықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Ағымдағы жылдың наурыз айында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыны арызданып, үйінде ұрлық болғанын айтты. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне белгісіз тұлға кіріп, жатын бөлмесінен 10 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін анықтады. Оған қоса ұры, үстел үстінде тұрған жинақ сандықшаның ішіндегі 15 мың теңгені де жымқырғаны белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Бәйдібек АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс болған орыннан криминалистер саусақ іздерін және аяқ киімнің іздерін алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, көршілер мен куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды.
Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы көлемі 25 мың теңге ақшасын қолды қылған. Ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз мүлкін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тұрғын үйлердің терезелері мен есіктерін темір торлармен және сенімді құлыптармен нығайту қажет, сондай-ақ бейнебақылау камералары мен күзет дабылқаққышын қойыңыздар. Бөтен мүлікті ұрлаған жайт орын алса тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыздар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу