Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰРЛЫҚ ТҮБІ — ҚОРЛЫҚ

ҰРЛЫҚ ТҮБІ — ҚОРЛЫҚ

Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығын жасаған күдіктілерді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Жыл басында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында, түнгі уақытта белгісіз тұлғалар үйінің ауласында орналасқан қорасынан 2 бас бұқасын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 300 000 теңгені құрады.
Оқиға орнына келген Сайрам ауданының полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтар мен жайылымдарды аралап, ауыл тұрғындары мен куәгерлерден жауап алып, күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды.
Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты Сайрам ауданының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Анықталғандай, жас жігіттер үй малын ұрлаумен ғана емес, сондай-ақ басқа да пайдаға асатын заттарды да ұрлаған. Мәселен, ұрылар ауыл тұрғындарының ауласына заңсыз кіріп, оның сарайынан 30 литрлік самаурынды жымқырған. Күдіктілер ұрланған заттарын сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осындай жағдай орын алып, бағалы заттарыңызды ұрлап кетпеу үшін, Түркістан облысының полицейлері ескертеді. Өз заттарыңызға, бағалы, құнды мүліктеріңізге, төрт-түліктеріңізге қырағы болып, сақтық шараларын қолданыңыздар. Сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйлер мен дүкендерде бейнебақылау камералары орнатыңыздар. Ұрлық болған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек. Бұл полиция қызметкерлеріне күдіктілерді жедел ұстауға және қылмыстың «ізін суытпай» ашуға көмектеседі.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу