Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бүгінде елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы орайда тұрғындардың қауіпсіздігін барынша сақтау мақсатында түрлі шаралар қабылданып, тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтауға кеңестер беріліп, үйден шықпау басты талапқа айналды. Тұрғындардың үй-жайларында қалулары арқылы өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі жоғары.

Себебі, лезде таралатын вирустың алдын алу мақсатында аудандар арасында блок-бекеттер қойылды. Блок-бекеттерде күн-түн демей, дәрігерлер, полиция және әскери қызметкерлер қауіпсіздікті барынша сақтау үшін жандарын аямай жұмыс жасауда. Бұл жауапты іс.

Осы орайда, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігі Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, Рамазан айында қайырымды істен құр қалмады. Өңірімізде орналасқан блок-бекеттерде қызмет ететін дәрігерлер, полиция және әскери қызметкерлеріне ауызашар берді. Қиын сәтте жұмыстың ауырлығына қарамай ауыз бекіткен қызметшілерге ыстық ас таратты.

Бұл қиындықты бірлігіміз арқылы ғана жеңіп шыға аламыз. Рамазан айында сауапты іс бастаған дін өкілдері бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасы табатынын жеткізді.

© Өз тілшімізден.

Пікір жазу