Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасындағы су қоймасының бір бөлігі бұзылуына байланысты „Жетісай ауданын су басу қаупі бар екен” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудан тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз әңгіме таратпауға шақырады. Сол себепті қауіптенуге ешқандай негіз жоқ екендігін ескертеміз. Және Жетісайды су басады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.