Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан азаматтардың қатары күн санап артуда.
1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жетісай ауданы, Асық ата кентінің 1971 жылғы, 1980 жылғы, 1970 жылғы, 1990 жылғы азаматтары және Жетісай қаласының 2005 жылғы тұрғыны коронавирус дертінен айығып отбасыларына оралды.
Олардың барлығы инфекция жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған.
Мәліметке сәйкес, науқастар КВИ расталған жағдай диагнозымен ауруханада ем алған. Аталған азаматтар қазіргі таңда толық жазылып, ауруханадан шықты.
Орын алып жатқан вирустың аурудың жерлестеріміз үшін түсіріп жатқан салмағы аз емес. Бұл инфекцияны жеңудің, алдын алудың бірден-бір жолдарының бірі – карантин талаптарын барынша қатаң сақтап, сақтанып жүру. Сондықтан да, бірлікте, ынтымақтастықта болып, қиыншылықты бірге жеңейік, ағайын!
© DIDARBEK.kz