1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Алия перделер жеке ателье демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түліктер мен бетперделер таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде білім алып жатқан шәкірттердің жалдамалы пәтерге тұрып жатқанын ескерсек мұндай көмектің маңызы зор.
Алдағы уақытта бұл акция жалғасын табатын болады. Қала тұрғындары мен қол ұшын бергісі келетін кәсіпкерлерді қатарымызға шақырамыз!