Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарға азық-түлік тауарларын үйіне дейін жеткізіліп берілуде.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Мұндай игі істі «Түркістан» ӘКК» АҚ азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырып келеді. Кез- келген азамат қажетті азық-түлік және басқада тауарларға байланыс телефондары немесе «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы тапсырыс бере алады. (Байланыс телефондары: ЖК «Али» – 87753130581; ЖК «Азамат» – 87089727505; ЖК «Адилет» – 87711088004; ЖК «Имаш» – 87077730312, – 87079772816; ЖК «Дәметкен» – 87022725932, 87718677678; ЖК «Әбдіқадыр» – 87071040303; ЖК «Сапиев К.Р.» – 87715665053)
Төлем нақтылай немесе банк картасы арқылы жасалады. Тауарды жеткізу ақысы тапсырыс берушінің орналасу қашықтығына байланысты 350-700 теңге аралығында болады. Ал, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жататын жандарға бұл қызмет түрі тегін көрсетіледі. Тапсырыс қабылдау, тауарды жеткізіп беру сағат 11:00 – 20:00 аралығында күнделікті жүзеге асырылады.
Айта кетейік, жалпы Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын 14 әлеуметтік дүкен мен 5 супермаркет бар.

© Өз тілшімізден.

Пікір жазу