Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Мемлекет басшы Қ.К.Тоқаев елімізде коронвирус індетінің тез таралуына байланысты төтенше жағдайы режимі кезіндегі карантин мерзімін ағымдағы жылдың 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Осыған орай, Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.04.2020 жыл №13 қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданында залалсыздандыру шаралары күшейтілуде, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша короновирус індетін жұқтырған 8 адам анықталды. Олар Бадам ауыл округі Дербес ауылы, Қажымұқан және Төрткүл ауыл округтерінен шыққан.
Анықталған ауылдарда күшейтілген түрде дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.


Аудандағы карантинге жабылған ауылдардағы үйлердің аулаларын аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Мал дәрігерлік қызметі» МКК — ны күн сайын химиялық өңдеу шаралары карантин аяқталғанша мақсатты түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар, аудандағы ауыл округ тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары күнделікті дыбыс күшейткіштер арқылы жүзеге асырылуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу