Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАР ӨЗ КҮШТЕРІМЕН БЛОКБЕКЕТТЕР ҚҰРУДА

ТҰРҒЫНДАР ӨЗ КҮШТЕРІМЕН БЛОКБЕКЕТТЕР ҚҰРУДА

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы елдімекендерге тұрғындардың өздері блок — бекеттер қойып, қауіпсіздік шараларын қолға алуда.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жергілікті билікпен келісе отырып атқарылып жатқан шараның мақсаты коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмау. Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда.  Сондай-ақ, еріктілер әрбір азаматқа төтенше жағдай режимін қатаң сақтауға,  себепсіз үйден шықпауға, карантин режимін бұзбауға, барлық жерде жеке бас тазалығын ұстанып, елдегі жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақыруда.

Бұл атқарылып жатқан жұмыстарға жергілікті халық түсіністікпен қарап, оң көзқарақас танытып отыр. Шараға ауыл тұрғындары мен ерікті жастар белсенді қатысып, еріктілер төтенше жағдай талаптарының орындалуын барынша қатаң бақылауға алынуына атсалысып  отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елдімекендері эстафета түрінде жалғастыруда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу