Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ

КЕЛЕС МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданы Фердауси және Жантақсай елді мекендеріне жауапты болып бекітілді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі.
Елдімекенің кіріс — шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылып, жағдай бақылауға алынды. Осы жұмыстарға Келес ауданды әкімдігі және полиция бөлімінің 70 қызметкері және техникадан 4 автобус 14 микроавтобус жұмылдырылды.
Фердауси елді мекенінде 314 тұрғын үй орналасқан, тұрғындардың мал мүліктеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде 2377 азаматтың тізімі жасалды.
Эвакуациялау орыны болып белгіленген Жантақсай елді мекенінде 96 тұрғын үй, 657 азаматтың тізімі жасалды.
Эвакуацияланған азаматтар Н.Есентаев ауылындағы №42, Игілік ауылындағы №43, ҚазССР 40 жылдығы ауылындағы №44 және Береке ауылындағы №47 мектептерге орналастырылды.
Эвакуацияланған азаматтар Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен төсек орынмен, демеушілер мен еріктілер есебінен азық — түлік және гигеналық заттармен қамтамасыз етілді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу