Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданы Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекеніне жауапты болып бекітілді.
Ауданға бекітілген аумақтағы жағдайды толық бақылауда ұстау мақсатында Сарыағаш ауданының штабы құрылып, елді мекеннің кіріс – шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылды. Сарыағаш ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің 100 қызметкері жұмылдырылып, көшелерде патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, төтенше жағдайдың зардабын жою үшін Сарыағаш ауданынан 11-автобус, 4-вахталық камаз, 1-эксковатор, 3-погрузчик, 1-монипулятор, аудандық төтенше жағдайлар басқармасының 5-арнайы техникасы және 11-медицина саласының қызметкерлері, 25 – еріктілер, 12 – әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер жұмыс жасауда.
Т.Жайлыбаев елді мекенінде орналасқан 443 тұрғын үйдің мал мүліктеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде 94 азаматтың үйлерінде қалғандығы анықталып, тізімі жасалды.
Эвакуациялау пункті ретінде белгіленген Атакент кентінде орналасқан №7, №8 және №9 мектептерге эвакуацияланған тұрғындар орналастырылды.


Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 680 төсек орын, 5000 дана бетперде, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрілік заттар (1,5 тн ерітіндіге арналған) және демеушілер есебінен азық-түлік оқиға орынына жеткізіліп, эвакуацияланған тұрғындар ыстық тамақпен, таза ауыз сумен және гигеналық заттармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінен жауаптылар бекітіліп, жағдай бақылауға алынды.

© Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу