Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛАДЫ

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Садібековтен ақсақалдар ардагерлерге арналған кеңсе мәселесін шешіп беруді өтінген-ді. Аудан басшысы бұл мәселені уақыт созбай қолға алды.

Ардагерлердің айтуынша, Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Ардагерлер үйі» кеңсесі жылға жуық уақыт жабық тұрған.

Наурыз айында аудан басшысы орталықтағы кеңсенің жағдайын көрді. Республикалық ардагерлер ұжымы қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалы төрағасы Әлібек Байназаровтан мән-жайды толық тыңдап, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Е.Серікбаевқа «Ардагерлер үйі» кеңсесін қалыпқа келтіру үшін жұмсалуы мүмкін қаражаттың болжамдық жобасын әзірлеуге тапсырма берген болатын.

Жұмсалатын қаражат анықталып, демеушілер көмегімен бүгінде «Ардагерлер үйінің» іші-сыртына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Жақын күндері Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өткелі отырғанда аудан ардагерлеріне бұл жаңалық баға жетпес қуаныш сыйлады.

Себебі, Сайрамда 980 Тыл ардагері, 15 мыңға жуық Еңбек ардагері бар. Ал Ұлы Отан соғысының 4 ардагері және осы дәрежеге теңестірілген 1 ақсақал бүгінде қазыналы қария болып отыр.

© Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу