Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС

ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС

Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Нұршатемір» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылыжайдың жұмысымен танысты.

Мал сою бекеті бүгінде Иран, Ресей, Өзбекстан елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Құрылғылары да заман талабына сай. Аталған нысан 2 мыңнан 5 мың басқа дейін төрт түлікті қабылдауға қауқарлы. Жылқыға, қара малға, уақ малға арналған орындар қарастырылған.

Айтжан Одаманов басқаратын жылыжай қияр өнімін өсіру бойынша жұмыс барысын таныстырды.

Жұмыс сапарының оңында Ұ.Сәдібеков «#Nur_Otan» партиясының «#Bizbirgemiz» акциясы аясында Ақсукент ауылына соқты. Мұнда «#Қамқорлық» бағдарламасына енген екі отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіп, Ақсукент ауылы, «Экспедиция» аумағындағы шағын футбол алаңшасының құрылыс жұмыстарымен танысты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу