Түркістан облысы Сайрам ауданының орталық көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бүгін аудан əкімі Ұласбек Сәдібеков Сайрамның орталығы Жібек Жолы, Абылай хан көшелерінің бойын жəне Мəртөбе саябағын аралап, бірқатар тапсырмалар берді.
Аудан басшысының тапсырмасына сəйкес, аталған көшелерде көктемгі абаттандыру жұмыстарымен қатар тұрғын үй, кəсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, заң талаптарына қайшы ілінген жарнамалардың бəрі алынады.
Жарықшамдар, бағдаршамдар мен көшенің көркін еселеген түрлі ою-өрнектер қайта жаңармақ.
Ал, болашақта Абылай хан көшесінің бір бөлігі арбатқа айналады. Қазір аудан сəулетшілері бұл бағытта Арбаттың егжей — тегжейлі картасын əзірлеуге кірісті.
Бүгінгі таңда аталған аумақтағы ретсіз сауда қатары мен дүңгіршектерді алу жұмыстары жүріп жатыр.
Осылайша жуық арада Сайрам ауданының орталығы абаттанып, көркейіп, аудан тұрғындарының қуанышына бөленбек.
© DIDARBEK.kz