Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

Коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде адам шоғырлануын болдырмау үшін көптеген кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Алайда, осы кезеңде құрылысты тоқтатпауға Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берген болатын. Құрылыс барлық өңірлерде санитарлық тазалық нормаларына сай жабдықталып, қарқынын тоқтатпады.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков дәл осы кезеңді тиімді пайдалануды айтты.

— Жыл басында нысандардың қасбетін сынға алғанымда «күн жылынсын» деп жауап берген болатынсыздар. Қазір күн жылынды. Әрі төтенше жағдай жариялануына байланысты жұмысты тоқтаттыңыздар. Қол бос. Ал құрылыс жүргізуге тыйым салынған жоқ. Ендеше, неге осы сәтті ұтымды пайдаланбасқа? — деді аудан әкімі.

Қазіргі таңда аудан басшысының бастамасымен ауыл — ауылдағы орталық көшелерде көктемгі көріктендіру жұмыстары және кәсіпкерлік нысандарында әктеу — сырлау ісі қызу жүріп жатыр.

Осылайша, карантиндегі уақытты тиімді пайдаланған сайрамдықтар әрбір елдімекенді гүлдендіріп, көркейтуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу