Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПОЛИЦИЯДА ПАТРИОТТАР ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

ПОЛИЦИЯДА ПАТРИОТТАР ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

Мақтаарал ауданы, Фирдоуси ауылындағы мектеп ғимаратының ауласын су басқан тұста Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Есімжан Надиров мемлекеттік тудың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп жазады Түркістан облыстық Полиция Департаментіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Биік тұғырда ілініп тұрған туды шешіп алып, құрметпен орап, қауіпсіз жерге алып шықты. Тәртіп сақшысының бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары тарапынан «Полицияда патриоттар ғана қызмет атқарады», «Азаматтық», «Туға деген құрмет» деген пікірлер білдіріліп, жедел әрекет еткен майорға алғыс айтушылар көп болды.
Жалпы бүгінгі күні төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен аумақта полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет атқаруда. Су басқан аймақтан адамдар мен төрт түлікті құтқару қызметін белсенділікпен атқарып, күні — түні қызмет етуде. Одан бөлек тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмек беру қызметтерін де атқарып жатыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу