Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Келес ауданы əкімдігінің қызметкерлері мен Келес аудандық полиция бөлімінің полицейлері Мақтаарал ауданының Фирдоуси елді — мекенінде құтқару жұмыстарын жүргізуде. Көмек қолдарын созып, қалып кеткен тұрғындар мен үй жануарларын қауіпсіз аумаққа шығаруда.

Осындай кезекті көмекті полицейлер жасады. Төтенше жағдай жарияланған кезде, үйінде қалып қойған егде жастағы азаматты тауып, қайықпен қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Осылайша қиын сәтте жәрдемші болған барлық қызметкерлерге ауылдың биі Тіллә Файзиев тұрғындар атынан алғысын жаудырды. Жұмыстарына табыс тілей отырып, елімізде тыныштық болсын деп, ақ батасын берді.

Атап өтер болсақ, Фирдоусидан 2377 тұрғын эвакуацияланған. Қазіргі таңда төтенше жағдай жарияланған аймақта тиісті мамандар, тұрғындар мен еріктілер құтқару жұмыстарын белсенділікпен атқарып, күні-түні қызмет етуде.

Сонымен қатар, жақынына жылуын жинап, көмекке асыққан Жамбыл облысы әкімдігінің 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуені киелі Тараздан Мақтаарал ауданына жолға шықты.

Гумантиралық көмектің ішінде: 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна (сұйық май), 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна бірінші қажетті заттар (жаңа) бар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу