Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа жасаған соңғы мәлімдемесінде қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатынын, мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтынын атап өткен болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірдегі «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге облыс орталығында орналасқан мүгедек және жалғыз басты көпбалалы отбасыларға ең қажетті азық-түлік тауарларын үйлестірді.
Аталған шара бүкіл әлемді шарпыған COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайда кезінде Мемлекет басшысының «Біз біргеміз» және Агенттік тарапынан «Еріктілер жылына» орай бастау алған «Игі істер» науқаны аясында ұйымдастырылған.
Көмек көрсетілген отбасы мүшелерімен кездескен Департамент басшысы А.Шілманов мемлекеттік қызметшілер қай кезде де қоғамның ажырамас бөлігі болып саналатынын, осындай кезеңде мұқтаж жандарға қолдау көрсету қызметшілердің азаматтық парызы болып табылатынын және атаулы жанға жылу сыйлайтын игі шара алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
© DIDARBEK.kz