Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕНТАУ: КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗУШЫ ҰСТАЛДЫ

КЕНТАУ: КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗУШЫ ҰСТАЛДЫ

Кентау қаласының полицейлері тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен карантин режимін бұзушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Әлеуметтік желіде «ватсап» мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған. Тексеру барысында
23.04.2020 жылғы Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскені анықталды.

Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жүруді өтінген кезде, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған.

Оқиға орнына Кентау қ. ПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Күдікті ұсталды, ол бұрын ұрлық және есірткі сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған жай Кентау қаласы ПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу