Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 154 МЫҢ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

154 МЫҢ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Облысымызда осы уақытқа дейін мүлдем су құбыры жүрмеген, табиғи газ тартылмаған аймақтар бар. Енді биылдан бастап 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылып, 19 елді-мекенге жаңа ауыз су жүйелері жүретін болады. Сондай-ақ, өңірге қарасты 5 ауылдың тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Бұл туралы баспасөз брифингінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев айтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».

Бүгінде облысымызда табиғи газбен қамтамасыз ету ісі қарқынды жүріп жатыр. Биыл ел қазынансынан 14,2 млрд. теңге қаралып, 30 нысанның құрылысы жүргізілмек. Оның 20-сы осы жылы аяқталуға тиіс. Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтерген ғимараттар мен мөлтек аудандардағы тұрғындарға көгілдір отынды қосу жұмыстары жасалуда.

И.Алексеев — облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы: Былтыр облыстың 1,1 млн. халқы немесе 57%-ы табиғи газбен қамтылса, ағымдағы жылы 1,2 млн халық немесе өңірдің 64%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Түркістан облысы бойынша табиғи газ саласында 3 жылдық іс-шара жоспары бекітіліп, қосымша 92 елді мекен немесе 49 мың халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Ал облысты таза ауыз сумен қамту бойынша қазіргі таңда өңірді қамту деңгейі 80%-ды құрап,  671 елді мекен таза ауыз су пайдалануда. Биыл облыст

Бүгінде облысымызда табиғи газбен қамтамасыз ету ісі қарқынды жүріп жатыр. Биыл ел қазынансынан 14,2 млрд. теңге қаралып, 30 нысанның құрылысы жүргізілмек. Оның 20-сы осы жылы аяқталуға тиіс. Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтерген ғимараттар мен мөлтек аудандардағы тұрғындарға көгілдір отынды қосу жұмыстары жасалуда.

И.Алексеев — облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы: Былтыр облыстың 1,1 млн. халқы немесе 57%-ы табиғи газбен қамтылса, ағымдағы жылы 1,2 млн халық немесе өңірдің 64%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Түркістан облысы бойынша табиғи газ саласында 3 жылдық іс-шара жоспары бекітіліп, қосымша 92 елді мекен немесе 49 мың халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Ал облысты таза ауыз сумен қамту бойынша қазіргі таңда өңірді қамту деңгейі 80%-ды құрап,  671 елді мекен таза ауыз су пайдалануда. Биыл облыста 155 ауыл  жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 195 елді мекендегі ауыз су жүйелері қайта жаңартылатын болады.

И.Алексеев — облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы: 2020 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау саласы бойынша 60 нысанның құрылысына бюджеттен 24,2 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 36 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 24 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Өңірдегі электрмен қамтамасыз ету саласы бойынша өткен жылдың қорытындысымен 10 мың халық тұратын 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған. 2020 жылы 27 аймақтағы  19 нысан іске қосылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, 30 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылмақ.

 

Пікір жазу