Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АЛТЫНШЫ ӘКІМ – АЛТЫН ӘКІМ БОЛАДЫ!

АЛТЫНШЫ ӘКІМ – АЛТЫН ӘКІМ БОЛАДЫ!

 

Ордабасы ауданы соңғы бес жылда бес әкімнің жүзін көрді:
2016 жылдың сәуір айында Сайрам ауданының әкімі болып тағайындалған Самат Сапарбаевтан соң, қасиетті Ордабасы өңірін басқаруға Алмасбек Мамытбеков келді (бүгінде – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары). 2017 жылдың тамыз айында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Алмасбектің орнына сенімді інісі Рашид Қайыпжановты тағайындады. Рашид белгілі себептермен қызметімен қош айтысқан соң, аудан тізгіні әкімнің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаевтың (қазір – Кентау қаласы әкімінің орынбасары) қолына тиді. 2019 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында аудан әкімі қызметін Қайрат Жолдыбай атқарды. Былтыр шілде айында Қайрат Жолдыбай Шардара ауданының әкімі болып тағайындалып, Ордабасы ауданын басқару Әліпбек Өсербаевқа тапсырылды. Үстіміздегі жылы сәуірде Әлекең ұзаққа созылған ауру салдарынан кенет қайтыс болып, аудан әкімінің міндетін уақытша атқару Азат Оралбаевқа жүктелді.

Алтыншы жылы келген Мамыр айының мерекелік 1-ші жұлдызында Ордабасы ауданына Самат Сапарбаевтан бастап есептегенде, алтыншы әкім болып бұған дейін үш жыл қатарынан Түлкібас өңірін басқарып келген Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Алтыншы әкім – алтын әкім болады деген үміт те жоқ емес. Қалай болғанда да, ауданның 60-жылдық мерейтойына дейін осы өңірде абыройы асқақтап, ел сүйіспеншілігіне бөленетін басшы болсын деп тілек қосамыз.

© Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Пікір жазу