Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округіне 150 млн теңге инвестиция тартқан «ӘБДІНАБИ» шаруақожалығы 150 гектар жерге жаңа технологияны қолдана отырып егін екті, деп жазады Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».
50 — ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған шаруақожалық бір жерден екі өнім алуды жоспарлап отыр. Ең алдымен, жерге тұқымы бөлек пияз отырғызған. Бір ай көлемінде өнімді жинамақ. 1 гектарынан 40-50 тонна өнім алады. Содан оның орнына маусым айларында қызылша егуді қолға алмақ. Күз айларында екінші өнімді жинап аламын дейді, шаруалар.
«ӘБДІНАБИ» шаруақожалығының төрағасы Нұрсұлтан Әбдінабиев. Кезінде бұл жерлер сорланған, сусыз, пайдаланусыз жатқан. Содан өз күшімен 4 тік дренажды су ұңғымасын салған. Бүгінде екі ұңғыма мемлекеттік тарапынан жөндеуден өтіп пайдалануға әзір тұр.
Сонымен қатар, жері құнарлы аймақтан шаруақожалық өнімнің тағы да түрін егуді бастаған. Екі түрлі әдісте қарбыз екті. Термос әдісін қолданған қарбыз бұрынғы қарбыздардан 10 күн бұрын жеміс береді.
Жаңа технологияның тиімділігі егілген өнім уақытынан бұрын өніп шығып, бұрынғыдан едәуір көп есе шығады. «ӘБДІНАБИ» шаруақожалығы Кентау қаласы бойынша алғашқы болып осы әдісті пайдаланған шаруа.
«DIDARBEK.kz»