Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп жүрген мекемелердің бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерін қашықтықтан үйретіп, жаттығу жұмыстарын жүргізуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Шардаралық жас спортшылар елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезеңінде өз күш жігерлерін үй жағдайында пысықтап, дерт дендемеуі үшін өздерін оқшаулауға кіріскен. Алайда жаттығу залындағыдай емес. Әрқайсысы өз үйлерінде дене қимылын қайталап жүргені жаттықтырушыларын да қуантуда. Шардара ауданы бүгінде облысымызда чемпиондар шығаратын зауыт секілді. 2019 жылы облыс бойынша бірінші орынға жайғасқан болатын. Ал әлемдік деңгейде қол күресі спорты бойынша үшінші орында екені баршаға мәлім. Нәтижені биыл одан әрі жақсартуға болар еді. Алайда covid-19 індетінің салдарынан бұл іс кейінге қалып тұр. Мұндай кезеңде спортшылар тоқтап қалмауы тиіс дзю до, футбол, тоэквон до спортымен жаттығатын шәкірттер күніне үш-төрт мезгіл бапкерлерінің берген тапсырмаларын орындап, алдағы спорттық жиындарда босаңсымау үшін тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жасап жүр.
Нұрқанат Кеңесов — Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Иә, бұл қиындықты да жеңеріміз анық. Көк туымыздың көкте желбіреп, ән ұранымыз әлі талай белестерде шырқайтынына сенім мол.
© DIDARBEK.kz