Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылатын бес ел екі жетіден соң Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында бас қосатын болды. Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті мәжілісіне Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Белоруссия Президенттері қатысады екен. Құрылтай барысында Еуразиялық Кеден кодексінің жобасы қаралып, оған қол қойылады деп күтілуде.
Ақыры не болар екен? Әліптің артын бағайық!..
Өз тілшімізден