Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРҒА КӨШЕГЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ

ТҰРҒЫНДАРҒА КӨШЕГЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ

Түркістан облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары жеңілдеді. Енді бұрынғыдай 24 сағат бойы үйде қамалып отырмай бір мезет аулаға шығып таза ауамен тыныстауға, қажет болған жағдайда, көшеге шығып шаш қысқартып әсемдік салондарына барып келуге болады. Себебі, облыс көлемінде бас санитардың бұйрығымен аумағы 250 шаршы метрден аспайтын қызмет көрсету орындары өз жұмысын бастады. Сонымен қатар енді асханалардан тапсырыс бойынша тамақ алдыруға да мүмкіндік бар, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Көріп тұрғандарыңыздай, Түркістанда тіршілік қайта қалпына келе бастады. Бүгіннен бастап қаладағы шектеу шаралары айтарлықтай жеңілдеді. Атап айтқанда алдын көшенің әр қиылысында тұратын полиция қызметкерлері бүгін көп жерде көрінбейді. Сонымен қатар, бүгіннен бастап қаладағы Автожуу, дөңгелек ауыстыру, май ауыстыру орталықтары мен дәнекерлеу   цехтары, және киім тігу орындары және  кәсіпорындар, құрылыс базарлары өз жұмыстарын бастады. Бірақ әлі де тазалық талаптарын сақтап дезинфекциялауды естен шығаруға болмайды.
Ахмет Алдарқұлов — облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары
Атап айтқанда іске кіріскен әсемдік салондарының қызметкерлері бетпердені уақтылы ауыстырып бір реттік қолғапта жүрулері керек. Сонымен қатар нысандар антисептикалық өнімдермен қамтылулары тиіс.
Сонымен қатар бүгіннен бастап екінші деңгейлі банктер, «Қазпочта» бөлімшелері мен микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және айырбастау пункттері қызметіне кірісті. Ал, сауда саласы бойынша көшеттер, тыңайтқыштар сататын дүкендер,  мен ауылшаруашылық және құрылыс техникаларының бөлшектерін сататын дүкендер мен қоймалар, автосалондар жұмысын бастады. Бірақ барлығында адамдардың көп шоғырлануына болмайды. Кезек болған жағдайдың өзінде арақашықты 1,5-2 метрден жақын болмауы керек. Оның барлығын арнайы мониторингтік топ бақылап отырады.
Ахмет Алдарқұлов — облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары
Барлығына мониториг жүргізіліп отырады. Егер талаптарды орындамаса ол мекемелердің жұмысын тоқтатамыз.
Шектеу шаралары қанша жерден жеңілдегенімен қалада әлі еркін сейіл құруға ерте дейді мамандар. Сондықтан үйден тек күніне бір сағатқа ғана шығып балаларды таза ауда ойнатуға болады. Ал, қалада өз көлігіңмен тек мынандай  рұқсат қағазының көмегімен ғана жүре аласыз. Сонымен қатар шаһарда бетперде режиімі де әлі сақтаулы.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу