ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Роскосмос» ғарыш қызметінің мемлекеттік корпорациясы Ресейлік жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығымен және РФ зымыран-ғарыш өнеркәсібі мекемелерімен бірлесіп, а.ж. 14 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуы жоспарланған «Канопус-В-ИК» ғарыш аппаратымен «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының ұшырылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту өрт есебін, күшін және құралдарын күшейту жөнінде жұмыс жүргізілді.
Қостанай және Ақтөбе облыстары әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен зымыран-тасығыштың құлау ауданын ұшып аралау үшін салдарын жою және бақылау мақсатымен қосымша әуе техникасын тарту жоспарланып отыр.
Жағдайдың мониторингі үшін зымыран-ғарыш техникасы сынықтарын уақытылы табу мақсатымен аумақтықұшырылымға дейінгі және кейінгі спутниктік суреттерін жүргізу үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректері қолданылады. Мұнымен бір мезгілде ықтимал қауіп төндіретін жағдайды бақылау үшін «Бүркіт» типті ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады.
Бұл ретте нақты уақыт режимінде 20 см. дейінгі дәлдікпен зымыран-тасығыштың табылған фрагменттерімен қоса 60 км. дейінгі жердің фото және бейне түсірілімді қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ресейлік «Машина жасау ӘӨК» ҒӨБ» АҚ өкілдерімен өрт сөндіру автомашиналарымен жер үсті тобын күшейту өткізіледі, сондай-ақ, Ақтөбе және Қостанай облыстарының өрт сөндіру техникасы жұмылдырылады.
Сонымен қатар, сапалы радио байланысымен қамтамасыз ету үшін «Машина жасау ӘӨК» ҒӨБ» АҚ мамандарымен Жезқазғандағы антенна өрісін қайт құру, сондай-ақ, қабылдау жіберуші құрылғыларын және жер үсті іздестіру персоналдар тобына қорғау құралдарын сатып алу және жаңғырту жұмысы жүргізілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының бөліктерінің құлауынан туындаған дала өрті салдарынан қайтыс болған «Машина жасау ӘӨК» ҒӨБ» АҚ жұмыскері Хатюшин Ю.А. отбасына жерлеу рәсімінің шығындарын өтеу үшін 200 мың рубль көлемінде көмек көрсетілді.
Қалған 1 млн. рубль мөлшеріндегі бөлігі аптаның соңына дейін төленетін болады.
Осындай төлем қайтыс болған қызметкер В.П.Тыцтың отбасына жақын уақытта берілетін болады.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 14 маусым айында Астана уақытымен 15.20 сағ. Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңынан «Прогресс МС-06» КЖК «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.
Зымыранның ұшуы штаттық режимде өтті. 117 секундынды бірінші сатысының бөлінуі берілген ауданда шамамен 20 км жерде Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Талап кентінде құлады.
15.06.2017 ж. сағ. 03.31 өрт сөндірілді.