Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АКЦИЯ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

АКЦИЯ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Nur Otan» партиясының «BIZ BIRGEMIZ» акциясы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылының жастары тарапынан айырқша қолдауға ие болуда.

Бойдағы күш жігерді елінің еңесесін көтеруге жұмсауға асыққан жастар, ұйыған ұйымшылдық танытып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, ел жұртқа үлгі болатындай іс атқаруда.

Аталған акция аясында, Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елдімекені жастарынан бастау алған қайырымдылық жасау эстафетасы, бүгін Алтынтөбе ауыл округінің орталығында жалғасын тапты. Алтынтөбе ауыл округі орталығының азаматтарының ұйымдастыруымен 40 отбасыға жалпы 1 000 000 теңгелік  азық — түлік және қажетті тұрмыстық заттар таратылып берілді.

Алтынтөбе ауыл округінде, «BIZ BIRGEMIZ» акциясының жастар арасында еркеше қолдауға ие болуына, бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Данабек Алибаев пен ауылдың белсенді жастары өзіндік үлес қосуда.

Алдағы күндері, акция аясында жақсылық жасау эстафетасы әрі қарай жалғасын тауып, ауыл округі бойынша тағы бірқатар мұқтаж отбасыларға көметесу жоспарлануда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу