Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР

40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР

Мақтааралдағы су тасқыны күллі қазаққа ауыр тиді. Жанашырлықпен хабарласып, елдің жағдайы жасалса, қауіпсіздігі сақталса деген тілектер айтылып жатыр.

Штаб құрылған күннен бастап «Nur Otan» партиясының өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанатының жастары Мырзашөлге шұғыл аттанып, қызмет етіп жатыр.

Ал бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен Мақаарал ауданына бірнеше жүк көлігіне тиелген 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Бірер күнде мырзашөлге жетеді.
Бауыржан қыдырғалиұлы өз парақшасында мырзашөлдіктермен бірге екенін жеткізді. «Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей «Jas Otan» волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады» — деп жазды.

Бұл гуманимтарлық көмек тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға жолданады. Мақтааралдың еңсесін, бірлікпенен тіктейміз!

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу