Мақтаарал ауданының еңбекқор диқандары биыл 351,5 гектар жерге қырыққабат егіп, қазірдің өзінде 3584 тонна өнім алып үлгерді. Әрине, еліміздегі Төтенше жағдай мен күллі әлем халқын үйінен шығармай қойған пандемия қырыққабат өнімінің сатылуына кедергі жасап, нарықтағы бағасын күрт төмендетіп жіберді.
Бұған дейін шаруалар еліміздегі барша блокбекеттерден кедергісіз өту үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан барлық облыстармен меморандум түзіліп, «Біз біргеміз!» логотипін жапсырып алу арқылы өту мүмкіндігі жаратылған еді. Міне, енді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тағы бір тапсырмасымен Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін өткізу бойынша арнайы дистрибьютор тағайындалып, шаруалардың өнімін сатуға көмек берілетін болады.
Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қырыққабат еккен шаруалардың ахуалынан хабар алып, оларға қырыққабат өнімін өткізу бойынша ауданымыздың дистрибьюторы болып тағайындалған жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Берік Шәмпиевті таныстырды.
«Құрметті алтын қолды ауданымыздың диқандары! Егер, Сіздің еккен қырыққабатыңыз пісіп дайын болса, алайда өніміңізді сату бойынша мәселе туындап жатса, ауданымыздың дистрибьюторы Берік Шәмпиевке хабарласуға болады. Телефон нөмірі — 87012920000. Сіздің өніміңізді экспорттау немесе басқа облыстарға алып барып сату үшін құжаттарды туырлауға көмектесіп, жүк көліктерін тауып беруге мүмкіндіктер жарататын болады» — деді Бақыт Насырханұлы.
© DIDARBEK.kz