Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан Соғысының ардагері — Евсюков Михаил Васильевич.
1927 жылғы қарашаның 21-інде туылған, Белгород облысы, Ровенск ауданы Мартынцы селосының тумасы.
Әскери білімі, мамандығы: Түркістан әскери округі офицерлер құрамын жетілдірудің біріккен курсын тәмамдаған, жалпыәскери командир. Әскери шені: полковник.
1944 жылғы желтоқсанның 5-інде Белгород облысы, Ровенск аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылды.1944 жылғы желтоқсаннан бастап Воронеж әскери округі, 11-інші округтік снайперлер (мергендер) мектебінің курсанты болды. 1945 жылғы тамыздан бастап 8-ші атқыштар ротасының бөлімше командирі бола жүріп 1945 жылғы қарашаның 6-сынан Германиядағы Кеңестік окупациялық жауынгерлердің тобында қызмет етті. Ұлы Отан соғысына қатыспаған, соғыстан кейін Ұлы Отан соғысы ардагер қатарына теңестірілген.
Марапаттары: «Германияны жеңгені үшін» және өзге де мерекелік медальдардың иегері. Қазіргі таңда Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы Байтұрсынов көшесінің №15/1 үйде тұрады. Отбасында 2 ұлы, 3 немересі, 3 шөбересі бар.
#Qaharman#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ75ЖЫЛ
© DIDARBEK.kz