Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ӘБІШОВ ХАЛНИЯЗ

ҰОС АРДАГЕРІ: ӘБІШОВ ХАЛНИЯЗ

Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан соғысының ардагері Әбішов Халнияз —

1923 жылғы қаңтардың 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді.

Әскерге шақырылғанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жұмыс істеді.

1942 жылғы шілденің 12-сінде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 1942 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін 312-ші атқыштар полкында, 1942 жылғы қыркүйектен 1944 жылғы қаңтарға дейін 364-ші атқыштар полкында қызметтен өтті.

Қатардағы жауынгер.

Сталинград қаласын азат етуге қатысты. 1942 жылғы қыркүйектің 2-сінде сол қолынан ауыр жарақаттанды. 1944 жылғы қаңтардың 15-інде жарақаттануына байланысты әскерден босады.

І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық сегіз медальмен марапатталған.

Әскерден келгеннен кейін 1944 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда табельші болды. Қарабұлақ ауылында, Ғ.Ғұлам көшесінде тұрады. Бүгінде ардагердің  9 баласы, 38 немересі, 29 шөбересі бар.

Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парыз.

#Qaharman #ҰЛЫЖЕҢІСКЕ75ЖЫЛ

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу