Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Барлық өтініштер мамыр айының соңына дейін https://t.me/SmartTurkistanBot арқылы қабылданады.
Өтініш беру үшін аудан орталығымен ауылдық округ әкімшіліктеріне барудың қажеті жоқ, барлығы үйде отырып телефон арқылы жасалынады.
Төлемді кімдер алады?
- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
• мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
• көпбалалы отбасылар;
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
• мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
• төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
• атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер (егер сіз жоғарыдағы аталған санаттарда болмасаңыз өтініш берудің қажеті жоқ).
Төлемді қалай алуға болады?
https://t.me/SmartTurkistanBot сілтемесін басып «SmartTurkistanBot» тобына кіріп өтініш жібересіз. (егер, телефоныңызда Telegram Messenger программасы болмаса, App Store немесе PlayМаркетке кіріп Telegram Messengerды жүктеп алсыз).
© DIDARBEK.kz