Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған су тасқынын естіген түлкібастықтар қиын сәтті бастарынан өткеріп жатқан бауырларымызға қол ұшын созды.
Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бүгін игі істің бастамасы ретінде 6 тоннаға жуық бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті 2 газель жүк көлігімен Мақтаарал ауданына жолдады.
Аудан кәсіпкерлері мен депутаттары және ерікті тұрғындар тарапынан жиналған бұл көмек, мақтааралдық қандастарымызға кішкене болсада демеу болары сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев «Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрінің бірі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет» — деп айтқан болатын.
Расында да мемлекет басшысы айтқандай қиын сәтте бір-біріне демеу болатын қазақ халқын Мақтааралдағы оқиғада да іспен айшықтап берді.
© DIDARBEK.kz