МАЩЕНКО АЛЕКСАНДРА ВЛАДИМИРОВНА, 1924 жылы 9-мамырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1942 жылы әскер қатарына шақыртылды. 1942-1945 жылы Курск қаласынан Германияға дейін жетіп сол қалада соғысты аяқтаған. 1-ші әскери санитарлық поездте – медбике болған. Әскери шені — сержант. Беларусь, Киев, Польша, Украина, Данецк фронтында болған. Курск қаласынан Германияға дейін жетіп сол қалада соғысты аяқтаған. Соғыстан кейін Победа колхозда сауыншы болып жұмыс жасап, кейін сол жерден зейнеткерлікке шықты.
Ардагер Г.К.Жуков медалі, ҰОС ІІ-дәрежелі ордені, ҰОС мерейтойларының мерекелік медальдары, ардагер Г.К.Жуков медалі, ҰОС ІІ-дәрежелі Даңқ ордені, «Ерлігі үшін» медалі, ҰОС мерейтойларының мерекелік медальдары, 1941-1945 жылдары соғыс ардагері белгісімен марапатталған. 1950 жылы әскер қатарынан босатылған.
Бүгінде ардагер 1-ұл, 1-қызы, 9 немере, 12 шөбере тәрбиелеп өсірген, өз үйінде қызымен бірге тұрады.
Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.
© DIDARBEK.kz