Биылғы жылы бүткіл әлемді дүрліктірген пандемия, қазақ елін де айналып өтпеді. Бұл індеттен арылудың жолында мемлекет басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізуде.
Апат айтып келмейді. Жығылғанға жұдырық дегендей айдың -күннің аманында, Мақтааралдықтардың басына тағы да қиын сәт туды.
Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағының арқасында, бұл қиындықты да еңсереміз.
Арыс қаласының жанашырлары мақтаралдықтарға азық-түлік, киім — кешек пен тұрмысқа қажетті заттарды жеткізіп өз үлестерін қосуда.
Қиындықта қол ұшын созғандардың саны күннен күнге артып келеді.
Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен, халық дер кезінде қауіпсіз аймаққа көшіріліп, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулығы мен қажеттіліктерін өтеу барысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Ең бастысы сабырлылық танытып, елдігімізді танытсақ алынбайтын қамал, бағындырмайтын асу жоқ екендігі баршамызға аян.
Ендеше, Мақтаралдықтардың қалыпты өмірге қайта араласуына бар күшімізді салып, атсалысуға шақырамыз!
©Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі