Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАМШЫДАЙ БОЛСА ДА КӨМЕГІМ ТИСЕ ЕКЕН

ТАМШЫДАЙ БОЛСА ДА КӨМЕГІМ ТИСЕ ЕКЕН

Апаттың айтып келмейтіні ақиқат. Сондықтан осы қиындықта біз, барша қазақстандықтар, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, бірлікті ту еткен ел екенімізді дәлелдеуге тиіспіз. Тамшыдай болса да көмегім тисе екен деген арыстық, М. Әуезов мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы Орынбасар Кәусәр тиын жинағыш аққуға жинаған ақшасын Мақтарал ауданында зардап шеккен тұрғындарға берді. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта бірлігі мен жақындығын танытқан Кәусар қызымызға алғысымызды білдіреміз.

 Сонымен қатар, Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі, «Nur Otan» партиясының Арыс қалалық филиалымен бірлесіп «#Мақтааралдықтар, Арыс Сіздермен бірге!» акциясын бастады. Игі шарадан барлық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер, жеке азаматтар шет қалған жоқ.

Арыс жұрты ұйымшылдық танытып, мақтааралдық ағайынға ең қажетті тамақ, киім-кешек, құрғақ өнімдер мен көрпе төсектер әкелді. Барлық Мақтааралдық ағайындар 2019 жылы қалада болған техногендік апатта арыстықтарға да дәл осылай қол ұшын беріп, көмек көрсеткен болатын. Арыс халқы сіздермен бірге!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу