Әділхан Маманов Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Өз үй алдынан үй іргелік жылыжай салып, табиғи өнім алып отыр. Бұл іспен айналысып жатқанына 8 жылдай болған. Бүгінде отбасылық кәсіпке айналған жылыжайдан жылына үш өнім алады.
Дәл қәзір ағымдағы жылдың ақпан айында отырғызған қызанақ алдағы мамыр айында өнім береді. Кемі 10 тонна жиналатын қызанақты көрші қалаларға тасымалдайды.
Тамыз айында қияр егіп, күз айында жинап алады. Бір терімінен 7-8 тоннаға дейін өнім береді. Күзді күні көпшілік жиі тұтынатын пияз егіп қыс уақытына қарай 3000-ға жуық бау жинайды.
«Адамда мақсат болу керек, сол мақсатқа жету үшін тынбай еңбектенсе бәрі болады. Жұмысты адам өз ауласынанда жасап, өз отбасын асырайтындай дәрежеге жету қажет» дейді еңбекқор шаруақожалық иесі.
10 соттық жерден осындай үш өнім алып отырған шаруа мемлекет тарапынан субсидия алған. Алдағы уақытта үй маңындағы 5 соттық жерді қосып, үй іргелік жылыжайды ұлғайтпақ ниетте.
© DIDARBEK.kz