Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ҚАСЫМБЕК КЕНЖЕБЕКОВ

ҰОС АРДАГЕРІ: ҚАСЫМБЕК КЕНЖЕБЕКОВ

Ұлы Отан соғысы жылдары Арыс қаласынан 10503 жауынгер аттанды. Сұрапыл соғыс жылдары Арыс қаласынан Кеңес Одағының 6 батыры шыққан. Олар Нағи Ильясов, Бейсен Онтаев, Иван Журба, Берген Исаханов, Ережепбай Молдабаев, Садық Исмаилов. Зұлмат соғысқа қатысқан азаматтардың есімдері қала орталығындағы «Жеңіс» аллеясындағы ескерткішке қашап жазылған.  Бүгінде қан майданнан елге оралған жауынгерлердің екеуі ғана арамызда.

КЕНЖЕБЕКОВ ҚАСЫМБЕК
Кенжебеков Қасымбек 1922 жылдың 4 қаңтарында Арыс қаласында дүниеге келген.
Ата-анасынан ерте ажырап, балалар үйінде тәрбиеленген. 12 жасынан теміржолда жұмыс істеген. Соғысқа дейінгі жылдары туған-тусқандарының үйінде жүрген.
1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, ішкі әскер болып, Украина мен Мәскеу жерлеріндегі ірі шайқастарға қатысады. Әскери шені – старшина. Соғыс аяқталғаннан Арыс қаласындағы теміржол бойында 34 жыл еңбек етеді. Одан кейін Отырар ауданында жұмысшы болып істеп, 1982 жылы зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі кезде Арыс қаласында тұрады, отбасында 11 ұл-қызы бар.
«Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «1941-1945 жылдары соғыс ардагері» белгісі және көптеген мерекелік наградаларымен марапатталған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу