Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІЗ БІРГЕМІЗ! БІЗ ҮЙДЕМІЗ!

БІЗ БІРГЕМІЗ! БІЗ ҮЙДЕМІЗ!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Қазіргі таңда, әлемді алаңдатып отырған «COVID-19» індеттің ілмегіне ілінбеудің жалғыз жолы – санитарлық талаптарды сақтай отырып, үйден шықпау. Сонда ғана аталған індеттің таралуын тежеуге мүмкіндік болады.
Өздеріңізге мәлім, коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен жаппай карантин жарияланды. Өңірдегі ахуалға байланысты карантин режимі күшейтілді. Мамандардың айтуынша, аймақтарда енгізілген карантин мен қабылданған шаралар індеттің кең таралмай, тосқауыл болатыны дәлелденіп отыр.
Бүгін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында еліміздегі төтенше жағдай мамыр айының он біріне дейін ұзартылатынын мәлімдеді.
Басты мақсат – қауіпті вирустың таралуына жол бермей, аурудың алдын алу. Мұндай сын сағатта сабыр сақтап, шыдамдылық танытсақ ғана індеттен құтыламыз. Сондықтан бәріміз тәртіпке бағынуымыз керек. Үйден шықпай, ортақ талапты орындайық. Бүгінгі қатал тәртіп — ертеңгі еркін өміріміздің кепілі!
Қолға алынған шаралардың барлығы да әр отбасының, әр азаматтың қолынан келетін дүниелер. Мен барша жерлестерімнің бұл сынақтан ынтымақпен, терең түсіністікпен еңсеріп шығарына сенемін!
Біз біргеміз! Біз үйдеміз!

© Елғонов Қайрат Тастемірұлы,
Арыс қалалық мәслихатының депутаты.

Пікір жазу