Бүгін Арыс қаласында тағы үш адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Дертінен сауыққан азаматтардың барлығы Арыс қаласының тұрғындары.
Науқастар Сәуір айының басында жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы диагнозымен жатқызылған. Дәрігерлер инфекция анықталған пациенттерге емдеу шараларын үздіксіз жүргізген. Медицина мамандары жүргізген емнің нәтижесінде 3 азамат қауіпті індетті жеңіп шықты. Осылайша, Арыс қаласында індеттен айыққандар саны алтыға жетіп отыр.
Жалпы, қаламызда коронавирус індетін жұқтырған 17 жағдай тіркелді. Оның ішінде 6 азамат жазылып шықса,бүгінде 11 азамат провизорлық орталықта ем алуда. Олардың жағдайы тұрақты.
Сондай-ақ, вирус жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болып, карантинге оқшауланған Арыс қаласының 28 азаматы отбасыларына оралды. Дәрігерлер азаматтардың жағдайы жақсы екенін айтады.
Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.
© DIDARBEK.kz