Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СУ – ӨМІРДІҢ ТІРШІЛІК КӨЗІ

СУ – ӨМІРДІҢ ТІРШІЛІК КӨЗІ

Өңірлерді өркендету – мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан елімізде аймақтардағы ахуалды жақсарту мақсатында «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.
Бүгінгі күнге дейін қаламызға қарасты Аққала және Көкжиде елді мекендерінің тұрғындары өз аулаларындағы құдықтың суын тұтынып келді.
Осы орайда аталған елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу қолға алынды.
Атап айтқанда, Аққала елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілген жағдайда елді мекендегі 156 үйде тұратын 1026 халық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Құны 209665,97 мың теңгені құрайтын құрылыс-монтаж жұмыстарын «АТ-Сервисплан» ЖШС-і дайындап, жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жобада су жинау алаңшасы мен елді мекенде жер асты су көзін барлау-зертеу жұмыстары кезінде қазылған және жаңадан қазылатын қосымша 2 ұңғы қарастырылған. Су жинау стансасында 2 дана таза суға арналған 100 т.м. су қойма мен 1 дана 15 т.м. су мұнарасы, қарауылхана, әжетхана, су айдау стансасы боктерицидтік қондырғысымен жабдықталған және тұрғын үйлерге 156 дана су есептегіш құралдарын орнату қарастырылған.
Жалпы ұзындығы 16850 метрді құрайтын ауыз су жүйесінің 9700 метрі үйлерге тартылған полиэтелен су құбырлары.
Сондай-ақ, Көкжиде елді мекенін сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілген жағдайда елді мекендегі 125 үйде тұратын 1340 халық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Осы мақсатта бүгінгі таңда құны 228862,36 мың теңгені құрайтын құрылыс нысанының жобасын «АТ-Сервисплан» ЖШС-і дайындап, жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша осы елді мекендегі 125 үйді ауыз сумен және су есептегіш құралдарымен қамтамасыз ету қарастырылған.
Жобада су жинау алаңшасы, елді мекенде жер асты су көзін барлау-зерттеу жұмыстары кезінде қазылған ұңғы және жаңадан қазылатын 2 ұңғы қарастырылған. Су жинау стансасында 2 дана таза суға арналған 50 т.м. су қоймасы және 1 дана 15 т.м. су мұнарасы, қарауылхана, әжетхана, су айдау стансасы бактерицидтік қондырғысы қарастырылған.
Ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 20681 метр болса, оның 9700 метрі үйлерге тартылған су құбырлары.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

© Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу