Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢА ӘКІМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

ЖАҢА ӘКІМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

Жуырда ғана тағайындалған Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас, Ағыбет ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Бірінші кезекте Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекеніне кіре берістегі құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілген көпірді, демеушілер есебінен соғылған спорт алаңшасы мен ауыл әкімі аппаратының ғимаратын көрді. Сонымен қатар елді мекен орталығындағы көшені жаяу аралап, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырып, жобалық сметалық құжаттамасы бар бірқатар нысандардың жобаларын талқылады. Аралау барысында Шақпақтың ауыз суы да айтылып, ол жөнінде тиісті бөлімге жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырма жүктеді.
Одан кейін аудан басшысы Ағыбет ауылдық округінде болды. Округке қарасты Алғабас пен Жұлдыз елді мекенін бөліп тұрған өзеннің бойындағы құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілген көпірді көрді.
Одан кейін тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, ұялы байланыстың және интернет желісінің төмендігі жөнінде мәселелер айтылып, аудан басшысы тиісті бөлімдерге нақты тапсырма беріп, мерзімінде орындауды жүктеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу