Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл, Мыңбұлақ ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Бірінші кезекте Жамбыл ауылдық округінің орталығындағы жеке кәсіпкер Нұржан Тынысбаевтың 5 гектар жерінің 3 гектарына жүргізіліп жатқан жылыжайдың құрылысымен танысты. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Тынысбаев Бақыттың 0,5 гектар жылыжайға егілген қызанақ алқабын көрді.
Сондай-ақ, Жамбыл ауылына шыға берістегі кіші суқоймада болып, осы суқойма арқылы елді мекендерді ағын сумен қамту мәселелері айтылып, тиісті бөлімдерге зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Одан кейін Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Қосбұлақ елді мекеніндегі құрылысы жүргізіліп жатқан 150 орындық «Қосбұлақ» негізгі жалпы орта мектебінің құрылысымен танысты. Өткен жылы басталған 150 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы мердігер мекемеге мектептің құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Мыңбұлақ ауылдық округінде де ауыз су, жайылымдық жерлер мәселелері қозғалып, аудан басшысы тиісті бөлімдерге зерделеу жұмыстарын жүргізу жөнінде нақты тапсырма жүктеді.
Аудан басшысы екі ауылдық округін аралау барысында санитарлық тазалық мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Ауылдық округтің, елді мекендердің қаскелбіттерін реттеп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуді ауыл әкімдеріне тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу