Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекен оқушылары эвакуациялық пункттерде білімдерін жалғастыруда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы саны 5 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 1638 құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйым саны — 6 ондағы тәрбиеленушілер саны — 425.
Эвакуация пункттерінде балаларға қашықтан оқу бойынша жағдай жасалып, «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы оқуларын жалғастыру мақсатында телевизорлар орнатылды. Оқушылар қажетті кеңсе заттары, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Балалар бос уақыттарында танымдық, спорттық ойындар ойнап, кітап оқумен айналысады.
Ата-аналар мен оқушылардың көңіл -күйі мен психологиялық ахуалы бір қалыпты.
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп психологтары төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен оқушыларға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Жергілікті тұрғындар, мектеп әкімшіліктері мен көрші Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Арыс аудандарынан демеушілер табылып, зардап шеккен отбасылар мен оқушыларға азық -түлік, киім -кешек және тағы да басқа заттарын алып беруде.
© DIDARBEK.kz