Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨП БАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨП БАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы анаға көмек көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

«Жақсылық еткен, алғыс алады»— дейді қазақ xалқы. Жақсылық бұл адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Осындай қасиет бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда. Үнемі мерекелер қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция қызметкерлері, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері ізгілікті ту еткен іс шараларын одан әрі де жалғастыра түсті.
Мәселен күні бүгін Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты Әкімшілік полиция басқармасының бір топ қызметкерлері көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, тұрмысқа қажетті азық-түліктерін сыйға тартты. Сонымен қатар мерекемен құттықтап, көмек қажет болғанда жәрдемдесуге әзір екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде полицейлер тарапынан көмек алған ана оларға аналық алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу