Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жіберілді, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Керуенге жалпы құны 2 млн 633 мың теңгені құрайтын азық-түлік, су, 3750 кг ұн, 1500 кг макарон өнімдері, 1000 кг күріш, 1000 кг қант, 800 литр пісте маймен бірге, гигиеналық және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген. Аталған заттар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.
Сонымен бірге, аудан әкімдігінің бастамасымен аудан кәсіпкерлері Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмектің екінші легін жеткізді. 7,5 тонналық көмектің ішінде 100 қап ұн, 100 қап күріш, 500 литр пісте майы, 500 кг макарон, 500 кг құмшекермен бірге, су да бар.
Қиын-қыстау кезде Мақтаарал жұртының жанынан табылып, барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл қиындықты ұйымшылдық пен бірліктің арқасында жеңетінімізге сенеміз. Алдағы уақытта да көмектер жіберіліп, ізгілікті бастамалар жалғасын табатын болады. Төлебиліктер сіздермен бірге!
© DIDARBEK.kz