Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕСТІК 12 ДӘРІГЕР МАҚТААРАЛДА

КЕЛЕСТІК 12 ДӘРІГЕР МАҚТААРАЛДА

Мақтааралдағы төтенше жағдай басталған кезден бастап Келес ауданынан 70 қызметкер жұмылдырылған болса, бүгінде олардың саны 30-ды құрайды. Ал медицина қызметкерлерінен 12 дәрігер, 4 фельдшер және 2 жедел жәрдем көлігі Мақтаарал ауданындағы Келес ауданына жауапты етіп берілген Фирдауси және Жантақсай елді мекеніндегі эвакуцияланған тұрғындардың денсаулығына қарауда. Жалпы Келес ауданына қарасты 4 эвакуациялық пунктте медицина қызметкерлері күні-түні демей,  24 сағат бойы әр пунктке 2 дәрігерден бөлініп, 12 дәрігер кезекпен жұмыс жүргізуде.

Олардың жұмысына тұрғындардың дене қызуын тексеріп, гигиеналық талаптардың орындауы, бетпердесіз жүргендерге бетперде таратып, жалпы карантин режимінің сақталуына бақылау жасап, ең бастысы азаматтардың денсаулығына қадағалау кіреді. Келес аудандық ауруханасының фельдшері Көшімова Ақеркенің айтуынша, өткен 24 сағат ішінде айтарлықтай денсаулығынан кінәрат сезген адам болмады, дегенмен бір аяғы ауыр келіншекті Шымкент қаласындағы ауруханаға жіберуге тура келген. Жалпы тұрғындардың жағдайы тұрақты.

© Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу