Түркістан облысы Сайрам ауданы бойынша 21195 азамат Ұлы Отан соғысына аттанып, 8115-і еліміздің бостандығы мен жеңіске жету жолында сұрапыл соғыста қаза тапты.
Бүгінгі таңда ауданымызда 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-уі теңестірілген, 838- тыл еңбеккерлері және 15 ҰОС ардагерлерінің жесірлері бар.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, аудан басшылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтады.
Құттықтау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хаты, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық медалі, 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Сонымен қатар, жеміс — жидек себеттері және қазақи салт -дәстүрге сәйкес батыр бабаларымыздың иығына шапан жабылды.
Ұлы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында майдангерлеріміздің ерлігі ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен 30 млн теңге қаржы қарастырылып, 4-Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 000 000 мың теңге, 1-ҰОСҚ теңестірілген азаматқа 100000 теңге, 15-ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 30000 теңге, 838-тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден бір реттік материалдық көмек жеке есеп шоттарына аударылды.
© DIDARBEK.kz